Қазақстан тарихы қытай тіліне аударылып жатыр

Сурет: Zakon.kz
Қытай жазушылары мен тарихшылары Қазақстан тарихын қытай тіліне аудара бастады. Бұл туралы қытайтанушы-ғалым, ақын, профессор Дүкен Мәсімханұлының туғанына 60 жыл толуына орай ұйымдастырылған халықаралық конференцияда айтылды.

Жиынға Иран, Түркия, Қырғыстан, Қытай мен Өзбекстан едерінің ғалымдары, шығыстанушылары мен саясаттанушылары қатысты, деп жазады qazaqstan.tv.

Олар Қазақстан мен Шығыс елдерінің арасындағы мәдени, саяси байланыстарды талқыланды.

Шара барысында Дүкен Мәсімханұлының "Қытай қаламгерлерінің таңдамалы шығармалары" 5 томдығының және "Ұлт пен Рух" деп аталатын ғылыми зерттеулерге арналған кітабының тұсауы кесілді.

"Қытай жағы Қазақстанда жарық көрген Қазақстан тарихының 5 томдығын аударуға қолға алды. Ол енді біраз уақыт талап етеді, дегенмен ол ел кездейсоқ ештеңені қолға алмайды. Процесс жүріп жатыр. Ол енді жабық тақырып емес, олар да аударады біз де аударамыз." Хангелді Әбжанов, тарих ғылымдарының докторы, профессор
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Кітап оқымаса, не болады? Журналист маңызды бір жайтты түсіндірді

Сәрсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды