Павлодарда полиция бөлімінің бастығына әріптесін ұрды деп айып тағылды

Сурет: polisia.kz
Павлодарда полиция бөлімінің бастығы әріптесін ұрды деп айыпталды, бұған қатысты облыстық полиция департаментінің бастығы Василий Скляр түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ақпарат БАҚ-та тарады, кейбір ақпарат құралдары таяқ жеген тергеушінің әйел екенін жазды. 

Бұған қатысты облыстық полиция департаментінің бастығы Василий Скляр түсінік берді. 

Оның айтуынша, 13 қазан күні Павлодар полиция басқармасы Солтүстік полиция бөлімінің тергеушісінен осы бөлім бастығының орынбасарына шара қолдану туралы өтініш түскен.

"Менің тапсырмаммен полиция департаменті аталған факті негізінде қызметтік тергеу бастады. Болған оқиғаның мән-жайы мен себептері тексеру барысында анықталады". Василий Скляр

Қызметтік тергеудің нәтижесі бойынша полиция қызметкерінің әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін