Ақтөбеде саяжайды жалға алып, есірткі өсірген атыраулық тұрғын ұсталды

Сурет: polisia.kz
Ақтөбе полиция қызметкерлері 48 жастағы азаматтың есірткі заттарын заңсыз сақтағанын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бау-бақша ұжымдарының бірінде тұратын күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында ауласынан екі түп жасыл түсті ерекше иісі бар өсімдік және үйінің ішінен жасыл түсті ерекше иісі бар зат салынған екі пакет анықталды.

Сараптама қорытындысы бойынша алынған зат жалпы салмағы 2,6 келі кептірілген марихуана екені расталды.

Тексеру барысында Атырау аумағында тұратын күдіктінің Ақтөбеutмамыр айында келіп, қала сыртындағы бау-бақша ұжымдарының бірінен саяжайды жалға алғаны белгілі болды.

Күдікті полицейлерге тұрғылықты жерінен табылған жалпы салмағы 2,5 келіден асатын өсімдіктерді жеке қолдану мақсатында өсіргенін түсіндірді.

Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бұл – махаббат емес". ІІМ адамды аңдып, қудалағаны үшін жауапкершілік барын ескертті

Жалақыдан ұсталатын салықты есептеу жеңілдейді: Қазақстанда жаңа сервис іске қосылады

Мәскеуден Алматыға ұшқан SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонды

Қазақстанның төрт өңірінде жаңбыр аралас қар жауып, қарлы боран соғады: 9 қарашаға арналған жол болжамы

Ұлттық пантеонда кімдер жерленеді? Үкімет ережеге өзгеріс енгізді