Ұлттық пантеонда кімдер жерленеді? Үкімет ережеге өзгеріс енгізді
Сурет: islam.kz
Үкіметтің 2026 жылғы 4 қарашадағы қаулысымен Ұлттық пантеон туралы ережеге өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, қайтыс болған немесе қаза тапқан жағдайда Пантеон аумағында жерленуге жататын тұлғалардың атқарған лауазымдары көрсетілген тармақ жаңа редакцияда жазылды.
Пантеонда жерленуге жататын тұлғалардың қатарында мыналар бар:
- ҚР вице-президенттері, ҚР Премьер-Министрлері мен олардың орынбасарлары, ҚР Құрылтайының төрағалары мен олардың орынбасарлары, Қазақстан Халық Кеңесінің төрағалары мен олардың орынбасарлары, ҚР Парламенті палаталарының төрағалары мен олардың орынбасарлары;мемлекеттік хатшылар, ҚР мемлекеттік кеңесшілері, ҚР Президенті Әкімшілігінің басшылары, ҚР Конституциялық Кеңесінің, Конституциялық Сотының, Жоғарғы Сотының және Ұлттық Банкінің төрағалары, ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасарлары;
- министрлер, ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері.
- ҚР Президентінің ерекше шешімімен Қазақстанның өзге азаматтары да Пантеонда жерленуі мүмкін.
Ережеде жерлеуді кімнің бастамасымен және қай орган ұйымдастыратыны да нақтыланды. Жоғарыда аталған тұлғаларды жерлеуді марқұмның жұбайының, жақын туыстарының немесе заңды өкілінің бастамасы бойынша астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырады.
Бұл органдарға мына міндеттер жүктелген:
- жерлеуге қажетті құжаттарды ресімдеу;жерлеуге қажетті бұйымдарды беру;марқұмның денесін Пантеонға жеткізу;жерлеу рәсімін өткізу.
Пантеонда жерлеуді тіркеу кітабы жүргізіледі. Оған марқұм туралы мына мәліметтер енгізіледі:
- тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);денесінің Пантеонға жеткізілген күні және жерленген күні;өмірбаяны;Қазақстан Республикасына сіңірген еңбегі;өзге де мәліметтер.
Қаулы 2026 жылғы 17 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript