"Күз жылы болатын секілді". Ақтөбеде қайта гүлдеген бөртегүлді көргендер аң-таң

Сурет: 24.kz
Ақтөбелік Сәуле Тәжина ауладағы үш түп бұтаны 15 жыл бұрын еккен. Қазір біреуі бүршік жарып, көктемнің күніндей қайта оянып тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әдетте көктемде ғана бүршік ататын өсімдіктің күзде гүлдеуі бұрын-соңды болмаған. Табиғаттың бұл тылсым құбылысы шырын жиған бал араларына да күтпеген сый болған сыңайлы, деп хабарлайды "Хабар 24".


"Бұталардың басында гүлдері өте көп. Көктемдегідей ашылып жатыр. Табиғаттың, климаттың өзгеруінен бе деп ойлаймын. Өсімдіктер қайта оянып жатса, яғни күз жылы болатын шығар деп отырмыз". Ақтөбе қаласының тұрғыны Сәуле Тәжина

Айта кетсек, Жаңаөзенде қоқыс жәшігінен "Қызыл кітапқа" енген жануардың өлексесі табылған болатын.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз