Атырау облысында қызылшамен ауырғандардың жартысынан көбі екпе салдырмаған

Сурет: pixabay
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өңірдегі қызылша жұтырғандарға жайында түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның мәліметінше, қазір қызылша жұқтырғандар бөлімінде 74 науқас ем алып жатыр: оның 67-сі балалар, 21-і бір жасқа дейінгі балалар, 1-14 жас аралығындағы балалар – 46, жүкті әйелдер – 2, ересектер – 5.
Науқастардың ішінде: емделген науқастардың 17,8% -ы вакцинациялау жасына толмағандар, 3,4%-ының вакцинация алған-алмағаны белгісіз, 18,8% -ы вакцинацияланған және 60% -ы вакцинацияланбаған.

2023 жылғы 2 наурыз бен 19 қазан аралығында Атырау облысында қызылша жұқтырған 724 жағдай тіркелді, оның ішінде ауыр халдегі тоғыз науқас жансақтау бөлімінде емделді. Бүгінгі күні жансақтау бөлімінде қызылшамен жұқтырғандар жоқ.

"Қызылша инфекциясы бойынша медициналық көмекке жүгінгендердің арасында өлім жағдайы тіркелген жоқ". Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Қызылшаға қарсы вакцинацияны тіркеу орны бойынша емханадан алуға болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Тоқаев мәдениет саласында стипендиялар тағайындады

Ақын Бекжан Әшірбаев 52 жасқа қараған шағында дүниеден озды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Ақмола облысында газбен жабдықталған жүк көлігі отқа оранды