Ақтөбеде жас жігіттен мефедрон салынған 100 түйіншек табылды

Сурет: ҚР ІІМ
14 қазанда Ақтөбе облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мақсатты жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Ақтөбе қаласы 312-атқыштар дивизиясы даңғылында 26 жастағы екі азаматты тоқтатты.

Санкцияланбаған жеке тінту барысында олардың бірінің қолсөмкесінің ішінен жасыл түсті ұнтақ зат салынған 100 дана көлеміндегі түйіншек табылып, тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат аса ірі көлемдегі мефедрон синтетикалық психотроптық заты екені анықталды.

Табылған заттың қара нарықтағы бағасы – 2,7 млн теңге. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) қылмыстық іс қозғалды.

Жиналған дәлелдемелердің негізінде күдіктінің бірі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабының тәртібінде уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Бұл баптың санкциясы үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды