Алматы облысында ер адамнан 3 келіге жуық синтетикалық есірткі тәркіленді

Сурет: Zakon.kz
Алматы облысының полицейлері шамамен сегіз мың бір реттік доза болатын синтетикалық есірткіні заңсыз айналымнан алып тастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

18 қазан күні жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы облысы ПД ЕҚҚІҚБ қызметкерлері Еңбекшіқазақ ауданы ПБ КПБ-мен бірлесіп, Бәйтерек ауылынан 45 жастағы ер адамды ұстады . Оның үйін тінту барысында ішінде ұнтақ тәрізді ерекше иісті заты бар 5 полиэтилен пакет табылып, тәркіленді.

Сараптама нәтижелері бойынша тәркіленген зат қарапайым адамдар арасында "жылдамдық" деп аталатын Альфа PVP синтетикалық есірткісі болып шықты.

Ал жалпы салмағы шамамен 3 келіні құрады. Айта кету керек, арнайы іс-шара барысында полицияға белгісіз ер адамның есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтаумен айналысатыны туралы ақпарат келіп түскен.

"Аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі бойынша Еңбекшіқазақ аудандық полициясында тіркелді. Түпкілікті процестік шешім қабылдау үшін сараптамалық тексерулер тағайындаумен барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы шеңберінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы орташа жалақы 460 мың теңгеден асты

Қызылорда облысында екі ірі есірткі алқабы анықталды

Қазақстанда жалған психологтармен күрес күшейтіледі: Сенат жаңа заңды мақұлдады

Алматыда әкесіне жала жапқан блогер қыз 10 тәулікке қамалып, айыппұл арқалады

Қазақстанда "Қала хикаялары" республикалық байқауы жарияланды