"ҚазАвтоЖол": Республикалық маңызы бар барлық жол ашық

Сурет: Zakon.kz
Жолшылар Қазақстандағы барлық тас жолдың ашық екенін, ешқандай шектеулер жоқ екенін хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҚазАвтоЖол" жолдардың қысқы жөндеуге көшкенін еске салып, жүргізушілерді ауа райының қолайсыз жағдайында сақ болуға шақырды. Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.

"Қолайсыз ауа райында көлікті қауіпсіз жүргізудің негізгі факторлары – арақашықты сақтау, жылдамдықты ауа райын ескере отырып таңдау, кенеттен маневр мен тежеуді болдырмау, жол белгілерінің талаптарын сақтау", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысы шектелгені хабарланған еді.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы басшысының орынбасары Қанат Өсербаевтың айтуынша, өткен түнде жолдардың (Солтүстік Қазақстан облысы мен Ақмола облысы) жабық учаскелерінде көктайғақтың алдын алу үшін 111 арнайы техника мен 260-қа жуық маман жұмылған. Жұмысшылар 300 м3 құм-тұз қоспасын пайдаланды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді