Жаңбыр, қар, тұман: Алматы, Астана және Шымкент қалалары бойынша 24-26 қазандағы күн райы болжамы

Сурет: pixabay
Синоптиктер 2023 жылғы 24-26 қазанға арналған Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана
24 қазан – көшпелі бұлтты, күндіз аздаған жауын-шашын (негізінен жаңбыр) болады. Оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде -1-3°C, күндіз +4+6°C.

25 қазан – көшпелі бұлт шығады, кешке қарай жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде +1+3°С, күндіз +9+11°С.

26 қазан – бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар). Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысұа ауысады 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз +3+5°C, ары қарай төмендей түседі.

Алматы
24 қазан көшпелі бұлтты, жаңбыр жауады, түнде тұман түседі. Шығыстан соғатын желдің екпіні 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +4+6°С, күндіз +14+16°С.

25 қазан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің екпіні 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +17+19°С.

26 қазан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан екпіні 2-7 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде +7+9°С, күндіз +19+21°С.

Шымкент
24 қазан – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +4+6°С, күндіз +18+20°С.

25 қазан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын желдің екпіні 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +7+9°С, күндіз +21+23°С.

26 қазан – көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Жел оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +18+20°С.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Жоғары аудиторлық палата мүшелері тағайындалды – Тоқаевтың жарлықтары жарияланды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Қазақстанның 14 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі: тізімде Астана мен Алматы бар