Президент: Тоқсаныншы жылдардағы демографиялық құлдырауды еңсердік

Сурет: Zakon.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне орай ұйымдастырылған салтанатты жиында азаматтардың орташа жасы ел тарихындағы рекордтық көрсеткішке жеткенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол "Қазақстан әлеуметтік салада айтарлықтай табысқа қол жеткізгенін, халықтың денсаулығын жақсарту үшін қомақты қаржы бөлініп жатқанын" баса айтты.

"Соның нәтижесінде азаматтардың орташа жасы 74,4 жасқа жетті. Бұл – ел тарихындағы рекордтық көрсеткіш", – деді мемлекет басшысы.

Ол қиындығы көп болған тоқсаныншы жылдарда халық саны күрт азайғанын еске салды.

"Біз қазіргі таңда осы демографиялық құлдырауды еңсердік. Көп ұзамай халқымыздың саны 20 миллионға жетеді. Бұл еліміздің тұрақты дамуының айқын көрінісі деуге болады. Бір сөзбен айтқанда, азаматтарымыз өз ұрпағының жарқын болашағына және еліміздің ертеңіне сеніммен қарайды".Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұған қоса президент "Ұлттық қор – балаларға" бастамасын жүзеге асыру үшін тиісті заң қабылданғанын еске салып өтті. Оның сөзінше, небәрі екі айдан кейін балаларымыздың есеп-шотына қаржы түсе бастайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз