Астана, Алматы, Шымкент: Республика күнінде ауа райы қандай болады

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Синоптиктер Қазақстандағы 2023 жылдың 25 қазанына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар), солтүстік-батыс, солтүстік өңірде көктайғақ болады деп күтіледі.

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады деп болжанады. 

Қазақстан бойынша ортақ сипат - тұман басу, екпінді жел. 

Астанада аспан бұлтты, күннің соңына қарай жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с, кей тұста 15-20 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде: +2°С...+4°С, күндіз: +9°С...+11°С

Алматыда аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Шығыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: +5°С...+7°С, күндіз: +16°С...+18°С.

Шымкентте күн райы жауын-шашынсыз, көшпелі бұлт жүреді. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде: +6°С...+8°С, күндіз: +21°С...+23°С

Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін