ДДҰ басшысы Қазақстан халқына көңіл айтты

Сурет: Twitter/DrTedros
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус Костенко шахтасындағы қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстан халқына көңіл айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аданом бұл жазбаны X (бұрынғы Twitter) парақшасында жариялады.

"Бүгін - Қазақстан халқы үшін қаралы күн. Жақындарынан айырылған отбасыларға шын жүректен көңіл айтамын", - деп жазды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы.

Кейінгі мәлімет бойынша, Костенко шахтасындағы қайғылы оқиғадан 36 адам қаза тапты, 10 кенші әлі іздестіріліп жатыр.

Қарағанды ​​облысындағы Костенко атындағы шахтада 28 қазан күні сағат 02:33-те жарылыс болды, әуеліде төрт адамның қаза тапқаны хабарланды.

Шахтаға иелік ететін "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы апат кезінде шахтада 252 адам болғанын, 205 кенші жер бетіне шығарылғанын мәлімдеді.

29 қазанда Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін