2021 жылғы халық санағының соңғы қорытындысы бойынша қазақстандықтардың орташа жасы бір жылға артты.
"2009 жылғы халық санағымен салыстырғанда орташа жас 31-ден 32-ге өсті", - делінген Ұлттық статистика бюросының сайтында 2023 жылдың 30 қазанында жарияланған хабарламада.
Санақ аралық кезеңде 0-ден 15 жасқа дейінгі балалар саны айтарлықтай өсті.
"Егер 2009 жылы олардың үлесі сол кездегі жалпы халықтың 24,1%-ын (3,9 млн адам) құраса, соңғы санақтың қорытындысы бойынша олардың үлесі 29,4%-ды (5,6 млн. адам) құрады". Ұлттық статистика бюросы
65 жастан асқан егде жастағы тұрғындардың үлесі де өсті.
"Санақ аралық кезеңде олардың үлесі 7,1%-дан 8,2%-ға (1,6 млн адам) дейін өсті". Ұлттық статистика бюросы
Сонымен қатар, санақ қорытындысы Қазақстанда 101 жастан асқан 200-ден астам қарттың тұратынын көрсетті.
"Өңірлер арасында бала саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр, ал 90 жастан асқан жүз жылдықтар бойынша Шығыс Қазақстан облысы көш бастап тұр", - деп толықтырды Ұлттық статистика бюросы.
Бұған дейін Ұлттық статистика бюросы 2009-2021 жылдар аралығында Қазақстан халқының гендерлік құрылымы өзгермегенін мәлімдеген болатын. Толық ақпарат осында.