Алматы-Өскемен тасжолында жылқылардың кесірінен жантүршігерлік жол апаты болды

Сурет: polisia.kz
Алматы – Өскемен тасжолында екі жылқының кесірінен жол апаты болды, салдарынан үш адам түрлі жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алакөл ауданында Toyota Camry көлігі 30 қазанға қараған түні кешкі уақытта тасжолға шығып кеткен екі жылқыны соққан.

Жол апатынан 22, 20, 17 жастағы үш адам зардап шегіп, ауруханаға жатқызылды.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аудандық полиция қызметкерлері жылқы иесін анықтады. Ол 45 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  Әрі қарай іс жылқы иесі мен жәбірленушілердің арасында өткізілетін сот тәртібі арқылы жалғасады". Алакөл ауданы полиция бөлімінің бастығы Арнұр Исаев

Полицейлер тұрғындарға малды жаю ережесін қатаң сақтауды ескертті.

Осы жылы өңірде малдың кесірінен 9 жол апаты болған, салдарынан үш адам қаза тауып, 15 адам  жарақат алған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Отандық өндірісті қолдау: Президент тапсырмаларының орындалу барысы

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Мөлдір Әуелбекова мерейтойын атап өтті: әншіге желіде күтпеген сұрақ қойылды

Синоптиктер тамыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады

ҰБТ-да талапкерлерге Менделеев кестесінің қағаз нұсқасын пайдалануға рұқсат етілді