Нетаньяху: Израиль оқ атуды тоқтатпайды

Сурет: wikimedia
Израиль әскері Газа қаласына үш бағыттан жақындап келеді.

Мұны "New York Times" газеті хабарлап отыр.

Спутниктен түсірілген суреттерден армия мен брондалған көліктер, қалаға солтүстік, шығыс және оңтүстікен бара жатқанын көруге болады.

"Қазір соғыс уақыты" деп мәлімдеген Премьер-министр Биньямин Нетаньяху Израиль атысты тоқтатпайды деді. Ал дүйсенбідегі операция барысында ХАМАС кепілінен бір израильдік әскери босатылған, деп жазады qazaqstan.tv.

Шабуылдан көз ашпай отырған палестиналық анклавта жағдай күрделі. Гуманитарлық ұйымдар сектордың 2 миллион 300 мың тұрғынына көмек жетпей жатқанын мәлімдеп дабыл қағуда.

Хамас тобының 7-қазандағы шабуылынан кейін Израиль Газа секторын толық блокадаға алды. Қоршауда қалған палестиналықтарға гуманитарлық көмек тек өткен аптадан бері жеткізіле бастады.

Дегенмен оның көлемі мардымсыз. Газа секторында Израильдің әуе шабуылдарынан қаза тапқандар саны 8 мыңнан асты.

Израиль және Палестина

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды