Ұн оныншы жыл қатарынан қымбаттап келеді

Алайда кейінгі бір жылда баға 1,5% ғана өсті.

Биыл қаңтар-қыркүйек айларында көкөніс ұны мен дәнді дақылдар ұны, сонымен бірге олардың ұсақ ұнтақталған қоспасын өндіру бір жылда 2,1% өсіп, 2,4 млн тонна болды. Тиісті кезеңде өндіріс көлемінің ұлғаюы екінші жыл қатарынан байқалды.

Отандық ұн тартушылар 2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында сектордағы сұраныстың 98,6%-ын қамтамасыз етті. Импорт бар болғаны 1,4% болды. Алайда бұл импорттың үлесі 1% болған бір жыл бұрынғыдан көп. Ұн импортының көлемі бір жылда 40,7% өсіп, 27,9 мың тоннаға жетті.

"Ұн экспорты 11,9% өсіп, 1,2 млн тонна болды. Алайда Қазақстан ұны халықаралық нарықта беделін түсіріп барады. Осылайша біздің ұнның ең ірі сатып алушысы Ауғанстан биыл ұнымыздың сапасына көңілі толмай отыр. Бұл туралы Inbusiness.kz жазды. Қазақстан ұнының беделі түсіп кетсе, оны оңай алмастыруға болады. Мысалы, ресейлік арзанырақ ұнмен", делінген Energyprom.kz cайтында.

2023 жылғы қаңтар-тамызда ішкі нарықтағы ұнды сату көлемі 5,6% төмендеп, 792,1 мың тоннаға тең болды. Биыл қыркүйек айының соңында ұн бағасы бір жылда небәрі 1,5% қымбаттады. Бұл ретте бір жыл бұрын 43,1%-ға өсім байқалған. Айта кетейік, ұн 10 жыл қатарынан қымбаттап келеді.

Қазақстанның 20 өңірінің 11-інде ұн қымбаттады. Осылайша, баға Атырау облысында айтарлықтай өсті: жылына 15,6%. Одан кейін Алматы және Қызылорда облысы: тиісінше 9,9% және 9,2%. Бағаның ең аз өсуі Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында байқалды: тиісінше 1,3% және 1,7%. Республиканың қалған 9 облысында ұн бағасы төмендеді: Жетісу облысында минус 1,8%-ға, Алматы облысында минус 12,8%-ға дейін.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: