Қазақстанда теле-радио хабар тарату уақытша тоқтатылады

Сурет: pixabay
Қазақстанда 2023 жылғы 8 қарашада теледидар мен радио жұмыс істемейді. Бұл жаңалықты бүгін, 1 қараша күні "Қазтелерадио"АҚ хабарлады, деп мәлімдейді Zakon.kz.

Жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізілетіндіктен. телерадио хабарларын тарату уақытша тоқтатылады.

"Осы жылдың 8 қарашасында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында (Астана қаласының уақытымен) телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз"."Қазтелерадио"АҚ

Компания телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистердің жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізетінін ескертті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Қызметкер жұмысқа кешіксе жұмыс беруші айыппұл сала ала ма