Атыраудағы өнер мектебі 650 мыңның фортепианосын 1,5 млн теңгеден алмақ болған

Сурет: pixabay
Атырау облысында өнер мектебі бір фортепианоны 1,5 млн теңгеден сатып алмақ болған. Музыкалық аспаптың орташа бағасы бұдан 2,3 есеге арзан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облыстық департаментінің хабарлауынша, мұны волонтерлар анықтаған.

""Махамбет аудандың білім бөліміне қарасты З.Ещанова атындағы балалар өнер мектебі фортепианоның бір данасын 1 млн 510 мың 400 теңгеден сатып алуды жоспарлаған. Осылайша, 10 музыкалық аспап үшін жалпы сомасы 15 млн 104 мың теңге қарастырылған", - деп хабарлады ведомство.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлар тобы музыкалық аспаптың орташа бағасына мониторинг жүргізді.

Мониторинг барысында жоспарда көрсетілген тауардың орташа бағасы 651 мың 544 теңге екені анықталған.

"Еріктілер араласқаннан кейін тауардың бағасы өзгертіліп, 870 мың теңге болып белгіленді. Осылайша, волонтерлар музыкалық аспаптың бағасынан 6 млн 404 мың теңге көлеміндегі бюджет қаражатының үнемделуіне ықпал етті", - делінген хабарламада.
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Енді қазақстандықтар бес елде QR-код арқылы төлем жасай алады

30 қазандағы доллар, еуро және рубль бағамы: үш қаладағы айырбас курсы

Түркі әлемінің әуені мен Димаштың өнері: Тоқаев Түркияда концерт тамашалады

Қазақстанда шетелге жұмысқа жіберу тәртібіне қатысты жаңа талаптар әзірленіп жатыр

Тоқаев пен түркі елдерінің басшыларына сақ аңшысы мен көне ескерткіштер көрсетілді