1 қарашадан бастап Алматыдағы Солтүстік айналма жолы маңында қозғалыс шектеледі

Ремонт дорог, ремонт дороги, дорожно-ремонтные работы, дорожные работы, знак дорожные работы, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2026 16:58 Фото: unsplash
Алматыда Первомайская нефтебаза көшесінің бір бөлігі жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылады. Бұл туралы 2026 жылғы 30 қазанда қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкімдік өкілдері қозғалысқа уақытша шектеу қою орташа жөндеу жұмыстарына байланысты екенін нақтылады.

"2026 жылғы 1 қараша сағат 05:00-ден 2 қараша сағат 08:00-ге дейін Солтүстік айналма жолынан Royal Petrol жанармай құю станциясына дейінгі учаскеде көлік қозғалысы тоқтатылады", – деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қала тұрғындары мен қонақтарына жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері орнатылатыны айтылды.

"Бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз", – деп ескертті Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі. Сондай-ақ көлік қозғалысы шектелетін аумақтың сызбасын жариялады.
1 қарашадан бастап Алматыдағы Солтүстік айналма жол маңында қозғалыс шектеледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2026 16:58

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Еске салайық, 2026 жылғы 29 қазаннан бастап Алматыда түнгі уақытта Орталық көшесінің бір бөлігі жабыла бастаған болатын. Бұған Саин көшесін Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына (ҮАААЖ) дейін ұзарту жұмыстары себеп болған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: