Тоқаев Непал президентіне көңіл айтты

Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Непал президенті Рам Чандра Пауделге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Непалдың батыс бөлігінде болған жойқын жер сілкінісі кезінде көптеген адамның қаза табуына байланысты Непал президентіне және халқына көңіл айтты. 

"Непалда болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Осындай ауыр сәтте Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға Қазақстан халқы мен жеке өзімнің атымнан қайғыра көңіл айтамын. Табиғи апаттан жарақат алғандардың тез арада сауығып, із-түзсіз жоғалған азаматтардың отбасыларына оралуын тілеймін", - деп жазылған жеделхатта.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз