"Медеу-Шымбұлақ" жолында арнайы қозғалыс режимі орнатылды

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Алматыда "Медеу-Шымбұлақ" жолында арнайы режим орнатылып, жаяу жүргіншілер мен автомобильдер қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

25 қазаннан бастап "Медеу-Шымбұлақ" жолында осы көктемде құлаған тастардың салдарын жою жұмыстары басталып кеткен болатын. Осыған байланысты автожол бойында өткізу режимі орнатылды. Жаяу жүргіншілер үшін жолдан өтуге қатаң тыйым салынады. Сонымен қатар, жаяу серуендеу студенттік соқпақ арқылы қолжетімді.


"09:00-ге дейін және 18.00-ден кейін электромобильдер мен такси жүргізушілеріне кіруге рұқсат етіледі. Сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін техникалық қызметтердің арнайы көлігі үшін ғана кіруге рұқсат етіледі", - деді әкімдіктегілер.

Әкімдіктегілер атап өткендей, қозғалыс шектеуіне қатысты белгіленген кесте 1 желтоқсанға дейін өз күшінде болады . Өзгеріс болған жағдайда қосымша хабарланатын болады

Туристер мен қала тұрғындарынан өтуге рұқсат етілген жолда абай болу сұралады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды