Павлодарда мектептегі зорлыққа қатысты полиция тексеруді бастады

Сурет: Zakon.kz
Павлодарда мектептегі зорлыққа қатысты полиция тексеруді бастады, материалдар сотқа жіберілді, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, осы факті туралы полицияға хабарламағаны үшін мектеп әкімшілігі де жазасыз қалмайды.

"Мәселен, 4-сыныптың  ата-аналарына қатысты қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар қасақана әрекет жасауға әкеп соққан кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК 127-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Қарау үшін материалдар сотқа жіберілді", - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, осы факті туралы полицияға хабарламағаны үшін мектеп әкімшілігіне қатысты материал ҚР ӘҚБтК-нің 127-1-бабы бойынша жауапқа тарту үшін уәкілетті органға жіберілді.

Еске салайық, болжам бойынша, балаға өзі оқитын мектептің оқушысы шабуыл жасаған. Баланы қорлау туралы ата-аналар қалалық мәслихат депутатына мәлімдеді. Автор мектеп оқушысы жоғары сынып оқушыларынан зардап шеккенін айтқан.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді