Семей тұрғыны колония аумағына телефон лақтырмақ болған

Сурет: polisia.kz
Абай облысында колония аумағына телефон лақтырмақ болған азамат ұсталды, - деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Абай облысы ҚАЖ департаментінің № 20 мекеме жедел бөлім қызметкерлері, аумақтық сыртқы периметрді жасырын патрульдік бақылау барысында, мекеменің жедел бөлім қызметкерлері Р. Абишев, М. Секенов, Б.Рамазановтармен бірлесе 5511 Ұлттық гвардия 3 класстағы сержанты А. Сыдыковпен тыйым салынған затты лақтырмақ болған азамат Ч. ұсталды.

Семей қаласы тұрғынын жеке тексеру барысында 1 скотч жапсырмасына оратылған орама табылды. Орамадан қара түсті Nokia телефон, 1 қуаттандырғыш тоғы тәркіленді. Әңгіме барысында Семей қаласы тұрғынының Ерема есімді (есімі өзгертілген) сотталғанға тыйым салынған заттарды мекеме аумағына өткізгісі келгенін мойындады.

"Сотталғандардың туыстары ескертулер мен түсіндірулерді ескерместен тыйым салынған заттарды мекеме аумағына кіргізуге тырысады. Енді Семей қаласының тұрғыны әкімшілік жазаға тартылады".Жедел бөлім қызметкері Әділет Құлатаев
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Тоқаев қазақстандық жоғары оқу орындарының әлсіз тұстарын атады

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Евгений Кафельников Рыбакина мен Соболенконың басты айырмашылығы атады

Димаш Құдайберген әлемдік тур алдындағы жаңа образын көрсетті