Астанада түнде және таңертең тұман болады.
Түнде және таңертең Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде желдің екпіні 18 м/с болады.
Түнде Алматы облысының оңтүстік-шығысында тұман түседі.
Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.
Қызылорда облысында оңтүстіктен соққан жел батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың батысында, орталығында күші 15-20 м/с болады.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Петропавл қаласын тұман басады деп болжанды.
Түнде Павлодар облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі
Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Орал қаласында солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 18 м/с.
Ақтөбе облысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.
Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 18 м/с болады.