Алматыда 10 айда өнеркәсіп өндірісі 18,9%-ға өсті

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
2023 жылдың қаңтар-қазан аралығында Алматы қаласының қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 13,1%-ға өсті. Бұл туралы Алматының Экономика басқармасы хабарлады.

Өнеркәсіптік өндіріс саласында 1639,9 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 18,9%-ға өсті. Өңдеу өнеркәсібі 18,6%-ға өсті. Құрылыс саласындағы көрсеткіштердің 1,9%-ға өсуі байқалады, жыл басынан бері 1860,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 19,9%-ға өсті.

Сауда 14,5%-ға, оның ішінде бөлшек сауда 7,1%-ға және көтерме сауда 17,2%-ға өсті. Байланыс қызметтері 3,1%-ға өсті.

Сыртқы сауда айналымы (ЕАЭО елдерінсіз) 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында 29,9% өсіп, 18,6 млрд. АҚШ доллары болды. Экспорт 21,8% өсіп, 3,4 млрд. АҚШ долларын, импорт 31,8%-ға артып. 15,2 млрд АҚШ долларына жетті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін