Қоғам белсендісі әдеттен тыс конкурс жарияланғанын Instagram парақшасында 2023 жылғы 16 қараша күні жазды.
"Орындықтары бар барүстелі қажет, онда шыны-аяқ ілуге арналған ілгегі бар тіреуіш болуы керек. Үстелдің үстінде екі жарықдиодты ілулі шам болуы керек".Нұргүл Қайырденова
Нұргүл Қайырденова мектепке алауошақ та қажет екенін жазыпты.
"Алауошақ та керек. Ол қызметтік үй-жайды жылыту үшін керек деп жазады. Қандай (үй-жай – ред.) екені білгісіз. Сұрақ бар. Бұл мектеп биыл күрделі жөндеуден өтті. Күрделі жөндеуден кейін мектепті қосымша алауошақпен жылыту керек болғаны ма?" Нұргүл Қайырденова
Ерекше конкурс жөніндегі ақпаратқа Екібастұз қаласының білім бөлімі қысқаша жауап берді.
"Тергеу жүріп жатыр. Нәтижесі бойынша жауап береміз", – делінген білім бөлімі таратқан хабарламада.