Күзде балапан басып шығаратын австралиялық құстар туралы не білеміз

Сурет: видеодан скриншот
Алматы хайуанаттар бағы күзде балапан басып шығаратын ерекше құстар туралы қызық мәлмет бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зообақ қарақу туралы айтып берді.

"Алматы хайуанаттар бағындағы австралиялық құстар күз мезгілінде балапан басып шығарады. Өйткені бізде күз болғанда Австралияда көктем мезгілі болады. Халық арасында айтылатын "Балапандарды күзде санайды" деген сөз бұл австралиялық құстарға аса қатысы жоқ", - деп жазды хайуанаттар бағы өзінің Instagram-дағы парақшасына..

Бұл қарақудың ата-анасы да Алматы хайуанаттар бағында дүниеге келген және біздің ауа-райымызға бейімделіп кеткен. 16 қарашада қарақудың туған күні болды.

"Келушілеріміздің көбі қызықтап қарайтын қара түсті аққу – қарақу 5 жасқа келді. Қазір күн өте қатты суық болмағандықтан, құстарымыз әлі қысқы тұраққа көшкен жоқ. Зообағымызға келіп, қарақуларымызды көріп қайтыңыздар!" - деді зообақ мамандары.


Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді