Ақтөбе облысында қожалықтан қарасан ауруы анықталды

Сурет: pixabay
Ақтөбе облысының Ойыл ауданында ірі қарадан қарасан ауры табылды. Шаруа қожалықтарының бірінде 6 сиыр өлген.

Бұл шаруа қожалығы Амангелді ауылына жақын жерде орналасқан. Эпизотияға қарсы топ екпе жұмыстарын жүргізді. Қора-жайлар залалсыздандырылды. Әкімдіктің шешімімен, қожалыққа шектеу шаралары енгізілді. Бір ай бойы сырттан мал әкелінбейді, деп жазады qazaqstan.tv.

Сондай-ақ, мал өнімдері сыртқа шығарылмайды. Мұнда қазір 325 сиыр, 600-ге тарта қой-ешкі бар. Төрт түлік ауыл малынан бөлек жайылады. Ал, малдың өлекселері өртелген.


"Шектеу шаралары тек "Самғат" шаруа қожалығының көлемінде өтеді.Бұл туралы Эпизотяға қарсы бөлім жұмыс істеп жатыр. Сауықтыру шараларын жүргізіп жатыр. 21 күнге созылады. Бүгінгі күні мал егіліп, бақылауға алынды." Бердімұрат Бекжанов, облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін