Басы дауға іліккен Лаура Мырзағалиға қатысты қызметтік тергеу басталды

Сурет: Zakon.kz
Басы дауға іліккен Лаура Мырзағали Талғар аудандық орталық ауруханасының (АОА) медициналық директоры міндетін атқарушы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы  медициналық мекеменің Instagram-дағы парақшасында ақпарат жарияланды.

"A-Class Medical" сенімгерлік басқарушы компания медициналық директор Л.М.Мырзағалидың жүргізіліп жатқан қызметтік тергеуге байланысты қызметінен босатылғанын хабарлайды. Бұл шешім жергілікті интернет-басылымдардың ашық беттерінде ұсынылған дәлелдер мен материалдар негізінде қабылданды", делінген 2023 жылдың 20 қарашасындағы хабарламада.

Медициналық директорды орнынан алып тастаудағы мақсат – Талғар аудандық орталық ауруханасының медицина қызметкерлеріне қатысты заңсыз әрекеттерді тергеудің объективтілігін қамтамасыз ету.

"Қызметтік тергеу жүргізу үшін құрылған комиссия ұсынылған фактілер мен мән-жайға талдау жасайды. Басқарушы компания тергеу барысында объективтілік пен әділдік принциптерінің сақталуына кепілдік береді", делінген хабарламада.

Сондай-ақ Талғар аудандық орталық ауруханасы қызметкерлерінен сабыр сақтап, тергеу аяқталмайынша БАҚ пен әлеуметтік желіде мәлімдеме жасамауды сұрайды.

Айта кетсек, 2022 жылы көктемде Лаура Мырзағали Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы қызметінен босатылған болатын. Оған қызметкерлерімен дөрекі қарым-қатынас ұстайды деген айып тағылған. Нақтысында, оның өз әріптестеріне дауыс көтере сөйлеп, қызметкерлеріне әрқалай қатынас ұстанатындығы айтылған. Бұл жайттың видеосы да желіде жарияланған болатын.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы