Астаналық жолаушы көліктен 9 млн теңгесі бар сөмкені ұрлап кеткен

Сурет: Zakon.kz
Нұра ауданының полиция басқармасына жеке такси жүргізушісі жүгініп, 9 млн теңге сомасында ақшалай қаражаты бар сөмкенің жоғалғаны туралы хабарлаған.

Ер адамның айтуынша, ол адамдарды тасу арқылы қосымша ақша табу үшін досының Toyota Camry автокөлігін алып отырған.

Әдеттегідей көлікті алып, жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын күні күні ол, досы ұмытып кеткен, ішінде ақшасы бар рюкзактың салонда жатқанын білмеген.

Бір түнде такси салонына 17 адамның отырғаны анықталды. Қиын әрі мұқият жұмыс барысында полицейлер жолаушыларды жеткізген барлық мекенжайларды анықтады.

Бейнекамераларды қарау барысында қолында жоғалған сөмкені ұстаған ер адам байқалды. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде полиция қызметкерлері 30 жастағы жолаушыны анықтады, ол түнде такси салонында жолаушылар орындығынан рюкзакты көріп қалған.

Керек мекенжайға жеткенде, күдікті өзімен бірге бөтеннің мүлкін алып кеткен. Қазіргі уақытта жолаушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды