Елімізде несие алуға өтініш берушілер көбейді

Сурет: Zakon.kz
Елімізде несие алуға өтініш берушілер көбейді. Соңғы үш айдың өзінде тұтынушылық кредит бойынша 19 млн 100 мыңнан астам өтінім түскен.

Бұл – рекордты көрсеткіш. Демек, жұмыс істеуге қабілетті әрбір қазақстандық әр тоқсан сайын кемінде екі рет банктен қарыз сұрайды деген сөз.

Ал былтыр осы уақытта банктерге 12 млн өтініш түскен. Яғни, биыл 63 пайызға өсті. Автонесиеге жүгінушілер де көбейді, деп жазады qazaqstan.tv.

Үш айда 797 мың адам қарыз алуға ниет білдірген.

Бұл өткен тоқсанмен салыстырғанда 20 пайызға көп. Өтінім саны көбейгенімен, банк қарыз беруді жылдан-жылға азайтып жатыр.

Бүгінде берешек сұраған 10 адамның 3-інің ғана өтінімі мақұлданады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін