Алматыда кезекті қаламаңы маршруты іске қосылады

Сурет: Zakon.kz
Қала маңындағы қоғамдық көлік қызметін дамыту мақсатында Алматы Қалалық мобилділік басқармасы 26 қарашадан бастап №216 жаңа қаламаңы маршрутын іске қосты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған маршрут Дәулет ауылы мен Алматы-1 теміржол вокзалы аралығында қызмет көрсетеді. Желіде 45 минуттық жиілікпен 5 автобус жүретін болады.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы агломерациясын дамыту аясында Басқарма 2023 жылы 25 елді мекенді қамтитын 10 қаламаңы маршрутын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Бұған дейін 7 маршрут іске қосылды, қалған 2 маршрут әзірленуде.

Бұдан бөлек, Алматы және Алматы агломерациясын дамыту жоспарына сәйкес 2024 жылдың соңына дейін қала маңындағы 20 жаңа маршруттарды ұйымдастыру жоспарлануда, олардың есебінен 50 елді мекен қамтамасыз етіледі.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін