Министр СҚО-дағы Ұлттық ұлан академиясында бұрқ еткен қызылшаға қатысты пікір білдірді

Сурет: pixabay
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният 29 қарашада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Солтүстік Қазақстан облысындағы Ұлттық ұлан курсанттарының қызылшаға шалдығуы жағдайына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер министрден СҚО-дағы Ұлттық ұлан академиясындағы қызылшаға байланысты жағдайға баға беруді сұрады. 

"Өңірдің бізге берген дерегі бойынша, Ұлттық ұланның аталмыш академиясында 17 курсант ауырған. Біреуі медициналық санитариялық бөлімде ем алып жатыр. Қалғандары жазылып шыққан. Негізі екпе алғандар мен бұған дейін ауырып үлгергендердің иммунитеті берік. Ауырғандары - бұған дейін ауырып көрмегендер. Оның өзінде жеңіл түрімен ауырған", - деді ол.

Оның айтуынша, бастапқыда қызылшамен ауырған 29 курсант жайлы ақпарат болған. Кейінірек оның тек 17-сі қызылша жұқтырғаны белгілі болды. 

"Қазір респираторлық вирус инфекциясының эпидемиологиялық маусымы жүріп жатыр. Тарап жатқан инфекциялардың арасында тұмау, тыныс жүйесінің тұмауы (парагрипп) сияқты түрлері бар. Күдікпен түскен өзге курсанттарға басқа диагноздар қойылды. Карантин жариялауға жатпайды", - деді министр.

28 қарашада Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда қызылшаға шалдығу жағдайы 17 мыңнан асатынын айтты. Оның 82% - балалар. Онда да балалардың 83% – екпе алмағандар. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

30 қазандағы доллар, еуро және рубль бағамы: үш қаладағы айырбас курсы

Енді қазақстандықтар бес елде QR-код арқылы төлем жасай алады

Түркі әлемінің әуені мен Димаштың өнері: Тоқаев Түркияда концерт тамашалады

Конституциялық сот тұрғын үй төлемдерін қайта алуға тыйым салуды заңды деп таныды

Қазақстанда шетелге жұмысқа жіберу тәртібіне қатысты жаңа талаптар әзірленіп жатыр