Қонаевтағы ойынханалардың жайы не болмақ

Сурет: pixabay
1 желтоқсанда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев "Қонаевтағы ойынханалар жабыла ма?" деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазір Қонаевта бес ойынхана жұмыс істеп тұр, басқа да ойын бизнесі субъектілері бар. Әкімнің жауабына қарағанда, әзірге оларды жабу жоспарда жоқ.

"Ойынхана саласы мен онда жұмыс істейтіндерді есептесек, шамамен 7,5 мың адам болады. 64 мың адам тұратын қала үшін бұл үлкен үлес. Өткен жылы ойын бизнесі субъектілері 90 миллиард теңгеге жуық салық төлеген" . Марат Сұлтанғазиев

Алматы облысының әкімі лудомания мәселесіне де тоқталды. Ол ойынхананың ережелері айтарлықтай қатаң екенін атап өтті: оған бару үшін қалтаң қалың болуы керек. Сондай-ақ туыстарының немесе құқық қорғау органдарының өтініші бойынша адамға ойынханаға кіруге тыйым салынуы мүмкін.

"Мобильді интернет арқылы таралып жатқан онлайн ойынханалармен және лудоманиямен көбірек күресуіміз керек шығар". Марат Сұлтанғазиев
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды