Түркістан облысында жоғалып кеткен 4 жасар бала әлі іздестіріліп жатыр

Сурет: polisia.kz
Түркістан облысында жоғалып кеткен 4 жасар Бақыт Айбар Алдиярұлын әлі іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

1 желтоқсан күні кешке Түркістан тұрғыны қала полициясына хабарласып, ойнауға шыққан 4 жасар ұлы үйіне оралмағанын айтқан.

Баланы іздеуге полицияның барлық жеке құрамы жұмылдырылған. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары кешенді іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жоғалған баланың белгілері туралы ақпарат фотосуретпен бірге барлық ауданға таратылған. Еріктілер мен жергілікті тұрғындар да көмекке жеткен.

Бақыт Айбар Алдиярұлы 2019 жылы 25 мамырда туған. Оның белгілері: бойы 60-65 см, шашы қара қоңыр. Ол сұр түсті көйлек, қоңыр шалбар, аяғына қара галош киген.

Жоғалған Бақыт Айбар Алдиярұлы жайлы қандай-да бір мәлімет білсеңіз не болмаса көрсеңіз мына көрсетілген нөмірлерге хабарласуыңызға болады: 102, 8-725-33-5-97-65, 8-725-33-97-40-94 8-747-497-42-24, 8-701-480-78-88.

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз