Алматылық хирургтар сирек туа біткен паталогиясы бар бір жасар балаға ота сәтті жасады

Сурет: Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі
Бір жасар қыздың анасы Алматыдағы №2 қалалық балалар клиникалық аурухананың хирургтарына кіндіктен бөліндіге (дымқыл кіндік), іштің айналасындағы терінің тітіркенуіне, мацерациясына шағымдармен жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аурухананың баспасөз қызметінің мәліметінше, диагнозды тексеру үшін қуықтың ультрадыбыстық зерттеуі, цистография жасалған. Зерттеп-қарау нәтижесінде балада урахустың толық емделмегені анықталды.

"Урахус – бұл несепағар, ол әдетте эмбриондық кезеңде ғана болады және қуықтың жоғарғы бөлігін кіндікбаумен байланыстырады. Жатырішілік кезеңнің шамамен 5-7 айында бұл бітеле бастайды. Алайда белгілі бір жағдайларда түтік қабаттаспайды, салдарынан оның ауытқуы пайда болады. Бұл – жатырішілік кезеңдегі облитерация процесінің бұзылуымен байланысты өте сирек кездесетін туа біткен патология. Хирургиядағы 30 жылдан астам тәжірибемде мен осындай үш жағдайды ғана кездестірдім". №2 МКАД хирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі Марат Қаптағаев

Хирург бұл патологиямен қабыну асқынуларының алдын алуға мүмкіндік беретін хирургиялық емдеу көрсетілгенін айтты. Бұл локализацияланған қабыну процесінің дамуына, іштің алдыңғы қабырғасының іріңді қабынуына (абсцесс), қайталанатын циститке және кистаның пайда болуына әкелуі мүмкін. Толық фистуламен консервативтік емдеу тиімсіз болған.

Құрамында №2 МККА тәжірибелі хирургтары мен анестезиологтары 30 минуттың ішінде несеп шығару жолын түбегейлі алып тастап, баланы осы аномалиядан біржола құтқарды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды