Түркістан облысының полицейлері 40-тан астам алаяқтыққа қатысы бар күдіктіні ұстады

Қазіргі уақытта бөтеннің сенімін теріс пайдалану, алдау жолымен алаяқтық жасайтындар көбейген. Ал бұл қылмыспен күресуді полиция қызметкерлері күн тәртібінен түсірген емес.

Осы тұрғыда Түркістан облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының "CyberPol" тобының қызметкерлерімен жүйелі жұмыстар жүргізіледі.

Мәселен облыс тұрғыны полицияға арызданып, белгісіз біреу әлеуметтік желідегі парақшасына бұзып кіріп, атын пайдаланып, таныстарынан ақша сұрап алып, 55 мың теңге шығын келтіргенін жеткізді.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алынды. Жан-жақты жүргізілген тексерулер нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталды.

Тәртіп сақшылары оны Шымкент қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен ұстады. Ол жұмыссыз, Жамбыл облысының тұрғыны болып шықты.

Полиция бөліміне жеткізілген жас жігіттің, Астана қаласының сотымен осындай 42 қылмыстық іс бойынша іздеуде жүргені анықталды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдікті қамауға алынды. Оның жәбірленушілерге келтірген шығын көлемі 2 миллион теңгеге жуық. Полиция тергеу барысында жәбірленушілер саны артуы мүмкін екенін жеткізеді.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: