Павлодарда қатты жөтелмен ауруханаға түскен сәби қызылша жұқтырған

Сурет: pixabay
Бір жасқа әлі толмаған сәбидің анасы бұл екі дерттен бұрын, катетер қойылған қолда пайда болған іріңге алаңдаулы. Сол себепті секемдеген ана әлеуметтік желіде жазба жариялап, оған қатысты өңірдегі денсаулық сақтау басқармасы түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әйел адам әлеуметтік желіде жұқпалы аурулар ауруханасына "бронхит" диагнозымен түскен нәрестесі қызылша жұқтырғанын жазған. Қолына катетер қойылған соң бірнеше күн бойы қызы жылап, мазасызданған. Ол катетерді алып тастауды сұрағанда сәбидің қолынан іріңнің иісі шығып тұрған. Әйел адам сәбиі қолынан айырылып қала ма деп алаңдаулы, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баланы хирург тексергенін нақтылайды.

"Жедел хирургиялық патология туралы мәліметтер жоқ. Катетерді лейкопластырмен жабыстырғанда мұндай реакцияның болуы жоққа шығарылмайды. Компресс түрінде ем тағайындалды".  Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы

Сондай-ақ ведомствода қызылша кезінде тері мен шырышты қабықтың зақымдалуы сияқты белгілер болатынын айтады.  Сәбидің анасымен әңгіме жүргізіліп, түсініктемелер берілген, қосымша талдаулар тағайындалған.  

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасы баланың жағдайы бақылауға алынғанын да хабарлайды.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды

17 наурыз – "Шаңырақ күні". Қазақта "Шаңырақ көтеру" атты ерекше салт-дәстүр болған

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі белгіленеді

Жапаров Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады