Павлодарда 11 млн теңге көлемінде айыппұлы бар жүргізуші анықталды

Сурет: Zakon.kz
29 жастағы жүргізуші шамамен 11 млн теңге көлемінде айыппұл төлемеген, Академик Сәтбаев көшесіндегі патрульдік полиция батальонының қызметкерлері осы жүргізушіні ұстады.
"Рейд жүргізу кезінде Павлодарда БМВ 745 автокөлігі тоқтатылды. Базаны тексеру кезінде жүргізушінің төленбеген айыппұлдары бар екендігі анықталды. Бұл жүргізушіні сот орындаушылары іздеп жүр. Полицейлер жүргізушіге салынған әкімшілік айыппұлдарды уақытылы өтеу туралы түсіндірді", – деді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Полиция 4-14 желтоқсан аралығында "Жазаның бұлтартпастығы" қағидатын орындау мақсатында Павлодар облысының аумағында "Борышкер" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатқанын атап өтті.

Көрсетілген кезеңде төленбеген айыппұлдар бойынша 254 борышкермен түсіндіру сұхбаты өткізілді, әрқайсысы жауапкершілік туралы ескертілді.

Олар қазірдің өзінде 6 млн теңгеден астам қарызын төледі. Қорғау мен Кибер – шерифтің бейнетіркеу жүйелерімен 149 сәйкестік тіркелді, автокөліктер арнайы айыппұл тұрақтарына қойылды, сол жерден жүргізушілер өз айыппұлдарын өтегеннен кейін ғана өз көліктерін ала алады.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда