5 ауыл Балқаш көлінен су ішіп отыр

Сурет: Zakon.kz
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы бес ауыл әлі күнге көлдің суын ішіп отыр. Өйткені жарты млрд теңге жұмсалған су стансасы 10 жылдан бері істемейді.

Айдынның ащы суын тұщыға айналдыратын құрылғы күйіп кеткендіктен тұрғындар балықтың дәмі бар суды ішуге мәжбүр. Шығанақ ауылына амалдау үшін Шудан қос цистернамен су жеткізіледі.

Қазір тіршілік нәрінен тарыққан елді мекендер қатарында Мирный, Бұрыл, Байтал, Мыңарал бар. Балқаш көлі 12 метрге тартылғандықтан, су стансасы жағада қалып қояды, деп жазады qazaqstan.tv.

Сондықтан суды тазалай алмайды. Әкімдік 15 жыл бұрын салынған су стансасы сапасыз болғанын мойындайды. Биыл оны жөндеуге тағы 312 млн теңге бөлмек.

"Қазір ішіп жатқан суымыз таза су емес. Балқаштың суы Фильтр жасайды да, ол да істемей қалды. Құр соны ішіп жатырмыз енді, оны елдің бәрі біледі. Ведроға қойсаңыз, мынадай слой батпақ шығады." Рахымбай Түсіпов, Шығанақ ауылының тұрғыны

Тәтті су Шығанаққа менің есебіммен, қазір мердігерлер жасап жатыр ғой, жұмысты бастап. Бірақ ол жердің ауа райының қолайсыздығына байланысты ақпанда жұмыс тоқтайды. 100 пайыз есептеп отырмыз, көктемде ауызсу құдай қаласа толық беріледі деп. Оған дейін берілмейді, - дейді Сәбит Төлегенов, Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасары.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты