Синоптиктер еліміздің шығысында қатты жел тұрады деп болжайды

Сурет: pxhere
Синоптиктер еліміз бойынша 7 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, республикамыздың басым бөлігі әлі де циклонның ықпалында болып, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашынның түсу ықтималдылығы сақталады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республикамыз бойынша тұман, көктайғақ, қатты жел көрініс табады деп болжанады, еліміздің шығысында өте қатты жел тұрады.

Астанада - аспан бұлтты, түнде және таңертең аздап қар жауады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні түнде - 7-12 м/с, күндіз - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз: -23...-25°С.

Алматыда - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз: -1...+ 1°С.

Шымкентте - күн райы жауын-шашынсыз, аспан бұлтты. Түнде және таңертең тұман болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: 0...+2°С, күндіз: +8...+10°С.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз