Өскеменде қызылшадан 6 айлық нәресте қайтыс болды

Сурет: freepik
Өскеменде қызылшадан 6 айлық нәресте қайтыс болды. Аурудың бұл түрі шығыста осы аптада өршіді.

Соңғы үш тәулікте Өскеменде 92 адам қызылша жұқтырған. Оның 90 пайызы вирусқа қарсы екпе алмағандар.

Елде 20 мыңнан астам адам қызылша жұқтырды, деп жазады qazaqstan.tv.

Жалпы елімізде жыл басынан бері 20 мыңнан астам адам қызылша жұқтырған. Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының өкілдері осындай мәлімет таратты.

Медицина мамандарының айтуынша, эпид ахуал өте күрделі. Санитарлық дәрігерлер күн сайын елде вирус жұқтырудың 350 жағдайын тіркейді.

Көбіне қызылша 14 жасқа дейінгі балаларға үйір келетін көрінеді. Қызылша Қырғыз елін де діңкелетіп тұр.

Онда вирустың екінші толқыны басталды. Індеттің таралуы Бішкек, Жалал-Абад және Шу облыстарында жиілеген.

Жыл басынан бері бұл елде қызылша жұқтырудың 5 мыңнан астам дерегі тіркелген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін