Астанада бойжеткен зергерлік дүкенде алтынды жалған бұйымға ауыстырып, алып кеткен

Сурет: pixabay
Елордада алтынды жалған бұйымға айырбастап ұрлық жасаған бойжеткен анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияға қала тұрғыны жүгініп, зергерлік дүкеннен белгісіз біреу алтын сақинаны ұрлап кеткенін хабарлаған.

Оқиға елорда сауда үйлерінің бірінде болған. 17 жастағы қала тұрғыны зергерлік бұйымдар сататын бутикке кіріп, сатушыдан сақиналарды көрсетуді өтінген.

Бойжеткен өзіне қажетті сақинаны көргеннен кейін, сатушының басқа клиенттерге көңіл аударған сәтін пайдаланып, алтынның орнына жалған бұйымды қойып, қылмыс орнынан бой тасалаған.

Кейінірек сатушы сақинаның жоғалғанын байқап, полицияға жүгінген. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Байқоңыр ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар кәмелеттік жасқа толмаған азаматты анықтады.

Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Кәмелетке толмаған азамат заңды өкілдеріне тапсырылды. Оның қала аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Күндіз жылы, түнде суық болады". Алматы қаласы бойынша алдағы аптаға арналған ауа райы болжамы

"Қар жауып, көктайғақ болады". Еліміз бойынша 31 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астанада ер адам өзін негізсіз жұмыстан шығарған жұмыс берушісінен 7 млн теңге өндіріп алды

Шымкентте көлігінен 4 млн теңгенің заты табылған ер адам қамауға алынды

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды