Қызылорда облысында мұғалім педофил деген күдікке ілінді

Сурет: freepik
2023 жылы 7 желтоқсанда әлеуметтік желіде Қызылорда облысында дене шынықтыру мұғалімі педофил күдігіне ілініп, тергеу изоляторына тоғытылғаны туралы ақпарат пайда болды. Бұл ақпаратқа қатысты облыстық білім басқармасы түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Egovpress Telegram арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, бұл арада №176 мектеп қызметкері туралы сөз болып отыр.

"Кейбір дереккөздер Қызылорда облысының №176 мектебінде дене шынықтыру мұғалімі төртінші сынып оқушысына қатысты педофил күдігіне ілініп, тергеу изоляторына тоғытылғанын хабарлайды" делінген хабарламада.

Аталған ақпаратқа қатысты Қызылорда облысының білім басқармасы түсініктеме берді.

"Тасбөгет ауылында №11 мектепте осындай мәселе көтерілген. Мектеп қызметкер өзі тарапынан ешқандай шектен тыс әрекет болмағанын айтады. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары мәселені анықтау үшін тергеу жүргізуде", - деп атап өтті ведомство Zakon.kz тілшісіне.

Облыстық білім басқармасы тергеу нәтижелері бойынша "тиісті шаралар қабылданатынын" нақтылайды. 

Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін