Жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсырғандар жаппай "құлап" жатыр: Мусин автодромға барды

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин автодромда көлік жүргізіп, емтиханның қалай өтіп жатқанын өз көзімен көріп қайтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соңғы кездері министр әлеуметтік желілерден көлік жүргізудің тәжірибелік емтиханын тапсырудың жаңа ережелері бойынша бірқатар хабарламалар алған.

"Сондықтан, мәселенің анық-қанығына көз жеткізу үшін өзім барып, тексеруді жөн көрдім", деп жазды министр желіде.

Оның айтуынша, біріншіден, теориялық емтихандарды өткізу рәсімдерін жетілдіруге айрықша назар аударылады.

"Бұған дейінгі тәжірибе бізге өзге ұйымдардың бұл мәселеге араласуы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері барын көрсетті, өйткені бұл ұйымдардың өкілдері де сыбайлас жемқорлық схемалардың қатысушыларына айналған фактілер де кездесті", - дейді министр.

Ол биыл 16 қазаннан бастап теориялық емтихандарды тапсыру кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында "ЖҚЕ 3.0" (жол қозғалыс ережелері) жеке бағдарламалық жүйесі іске қосылғанын айтады. Ол биометрия бойынша кандидаттың жеке басын сәйкестендіруге, нақты уақыт режимінде аудио мен бейнені сканерлеуге, емтихан сыныбында үшінші тұлғалардың және емтихан тапсырушының айналасындағы артық қимыл-қозғалыстың болмауын, сондай-ақ бейнебақылау және автоматтандырылған прокторинг жүйесі арқылы емтиханның дұрыс тапсырылуын бақылауға бағытталған.

"ЖҚЕ 3.0" үміткерді сәйкестендіруге, оның білімін бағалауға, қабылдаушы-таратушы құрылғыларды, материалдарды электрондық немесе қағаз нұсқаларда пайдалануды болдырмауға мүмкіндік беретініне байланысты емтихан тапсырушының қимыл-қозғалысын бақылайды, орын алған бұзушылықтарды бақылау процесі жүйе арқылы автоматты түрде жүргізіледі". Бағдат Мусин


Министрдің айтуынша, ең бастысы, теориялық емтиханды тапсыру процесі енді мамандандырылған ХҚКО залдарында және youtube-те емтихан сабақтарын трансляциялаудың арқасында ашық болды. 

"Сондай-ақ, 1 күннен 2 айға дейінгі емтихандарды қайта тапсыру үшін олардың мерзімдері мен санын реттеу енгізілді, сондай-ақ тыйым салынған құралдарды пайдаланатын және 3 айдан 6 айға дейінгі мерзімге биометриялық сәйкестендіруден өтпеген кандидаттарды шеттету көзделген", деп жазады ол.

Жаңа қағидалар бойынша ІІМ тарапынан "Автомектеп" ААЖ (автоматтандырылған ақпараттық жүйе) ақпараттық жүйесінің дайындығына қарай, автомектепті бітіргені туралы куәліктерді тексеру үшін оларды қолдан жасау фактілерін болдырмау мақсатында "Автомектеп" ААЖ-ның ХҚКО ИАЖ-мен интеграциясы қолдау тапты.

Сонымен қатар, кезектегі орынды сатуды болдырмау және инфрақұрылымға біркелкі жүктемені қамтамасыз ету үшін емтихан тапсыруға, оның ішінде кезекті брондауға электрондық өтінім беру мүмкіндігін жасалды.

"Біз автодромдарға қойылатын талаптарды, атап айтқанда, талап етілетін учаскенің ауданын 3 есе, 1 гектардан 0,3 гектарға дейін қысқарттық, сондай-ақ автодромдарда тәжірибелік емтихан тапсыру шарттары өзгертілді", - дейді министр.

Мәселен, екі "Жылан", "90 градусқа бұрылу" және "Үдеткіш жолақ" жаттығулары алынып тасталды, "Жаяу жүргіншілер өткелі" жаттығуы реттелетін қиылыстың аймағына ауыстырылды, "Реттелмейтін қиылыстағы бұрылыстар" жаттығуы жүзеге асырылды.

Сондай-ақ, биыл ХҚКО ИАЖ 2.0 (интеграцияланған ақпараттық жүйелер) жетілдірілген нұсқасы іске қосылуда, ол мемлекеттік қызметтерді ұсыну бойынша ақпаратты басқаруға арналған бірыңғай қолжетімділік нүктесіне айналып отыр.

"Мен мамандандырылған ХҚКО желісі бойынша халыққа мемлекеттік қызмет көрсету жағдайларын оңтайландыру мен жақсартуды әрдайым қолдаймын. Жаңа жүйе аясында мамандандырылған ХҚКО-ларда бағдарламаны әзірлеу кезінде мемлекеттік органдардың сыртқы жүйелерімен кедергісіз интеграциялануға мүмкіндік беретін жаңа технологиялар пайдаланылды", деп жазды ол.

Мусин жеке тест драйвтан өту үшін автодромды аралап шықты. Бәрі қалай жүзеге асатынын өз көзімен көрді.

"Егер, дайындалса, кез келген адам емтиханды еш қиналмастан тапсырып шығуға болады. Айтпақшы, қазір мамандандырылған ХҚКО-да көлік жүргізу бойынша сынақ емтихандары да қарастырылған. Бұл өте жақсы үрдіс. Адам бірнеше рет емтиханды тапсырып көре алады. Мен жүргізуші куәлігін алған кезде, мұндай мүмкіндіктер болған жоқ", - дейді министр.

Қазір біз үшін ең маңызды мәселе – жолдарда қауіпсіздікті барынша қамтамасыз ету. Бұл жүргізушілер емтихан тапсырған кезде ашықтық жүйесін қамтамасыз еткенде ғана мүмкін болады.

Мусин кез келген адам жаңа әрі беймәлім нәрседен қорқатынын, біз мұндай үрдіспен алғаш рет бетпе-бет келмегенін, көп жыл бойы цифрландыру және инновацияларды енгізу бағытында жұмыс істей отырып, кез келген жаңашылдықты қабылдау қиындық туғызатынына, бірақ кейін белгілі бір нәтиже көрінген кезде бастамаларымыздың әрдайым қолдау табатынына көз жеткізіп келетінін айтады.

"Себебі, біз қолға алған барлық бастама адами фактордың қатысуынсыз-ақ, барлық өмірлік процестерді жеңілдетуге және оңтайландыруға, сондай-ақ, бюрократияны болдырмауға бағытталған", деп сөзін түйіндейді министр.
Қазақстан Мусин Бағдат
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: