Алматы әкімдігі қолайсыз ауа райына байланысты қала тұрғындарына ескерту жасады

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Қар жауа бастағаннан-ақ жол жұмысшылары іске кірісіп, жолдарға көктайғаққа қарсы материалдарды септі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қауіпті учаскелерді, жолдардың еңісі мен биік жерлерін, жол айрықтарының съездерін қар жауғанға дейін көктайғақтың алдын алу үшін жол қызметкерлері арнайы сұйықтықпен өңдеді.

"Тротуарларды, қалың бұқара пайдаланатын орындарды, қоғамдық көлік аялдамаларын, жер үсті өткелдерін тазалау жұмыстары ұйымдастырылды. Түнгі уақытта 365 бірлік арнайы техника мен 346 жол жұмысшысы жұмыс істеді". Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Дегенмен әкімдіктегілер автокөлік жүргізушілеріне жолда мұқият болуды, белгіленген жылдамдық режимі мен арақашықтықты қатаң сақтауды, сондай-ақ жазғы доңғалақта жүргендерге мүлде жолға шықпауды сұрайды.

Жаяу жүргіншілерден де тротуарларда, жол бойы мен жолды кесіп өткенде өте мұқият болу ескертіледі. 

Алматы
Алматы қаласының әкімдігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды