Екібастұз жылу электр орталығындағы құбырда апат болды

Сурет: instagram/ete_ekb
10 желтоқсанға қараған түні Екібастұз ЖЭО-да күл құбырында (күл шығару жүйесінен күл тасымалданатын құбыр) ақау анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Екібастұзжылуэнерго" ЖШС компаниясы ақау сағат 05:30-да ретке келтірілгенін мәлімдеді.

Зақымның салдарынан су жылыту қазандықтарының екінші цехының багер сорғысы су астында қалды. Ыстық резервтегі екі энергетикалық қазандық агрегаты іске қосылды.

Қазіргі уақытта станцияда 7 қазандық агрегаты (Nº 5, 6, 7, 9, 11, 13, 14), оның ішінде су жылыту цехының қазандығы уақытша мазутпен жұмыс істеп тұр.

Кәсіпорын бірнеше сағат ішінде қазандық сорғы стансасын іске қосу жұмыстары аяқталып, содан кейін көмірмен жұмыс істейтін ыстық су қазандықтары кесте бойынша қалыпты жұмыс істейтінін хабарлады.

"Қазгидрометтің" мәліметінше, қалада 26 градус суық. Қала тұрғындары үйінде жылу жоқ екенін айтып, шағымданып жатқан жоқ. Апат жылу жүйесіне әсер етпеген.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін