Ақтаудағы бірнеше аудан жылусыз қалды: әкім тұрғындардан кешірім сұрады

Сурет: Zakon.kz
Ақтауда магистралды құбырдағы ақауды мамандар жөндеп жатыр, бірнеше шағын ауданда жылу беруге уақытша шектеу енгізілді, әкім тұрғындардан сабырлық танытып күтуді өтінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Каспий жылу, су арнасы" МКК хабарлағандай, бірнеше шағын аудандарды жылумен қамтитын магистральды жылу құбырында апаттық жағдай тіркеліп, жылу беру уақытша шектелген.

Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қала әкімі апат болған жерге барып, жағдайды бақылауда ұстайтынын жеткізді.

"Жоғары шағын аудандарды жылумен қамтитын магистралды 800-дік құбырда ақау шықты. Коммуналдық қызметтер осында келіп, жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жағдай менің бақылауымда". Ұлықбек Тінәлиев

Қала әкімі видеода ақау кеткен жерді көрсетіп, уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін тұрғындардан кешірім сұрады. Коммуналдық мамандар ақауды кешке дейін жөндеп, қалыпқа келтіруді жоспарлап отыр.

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін