Атырау облысында су беру кезең-кезеңімен қалпына келтіріледі

Сурет: instagram.com/atyrau_oblysynyn_akimdigi
9 желтоқсан күні сағат 23:30-да (жергілікті уақыт бойынша) "Атырау облысы су арнасы" КМК Жайық өзенінде қабыршақ мұз пайда болып, өзеннің қозғалыс жылдамдығы төмендеуіне байланысты Атырау қаласының су тазарту қондырғысына су беруді тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

10 желтоқсан күні таңғы сағат 04:30-да төтенше жағдайларды болдырмау үшін төмен қысымда қала желілеріне су берілді.

"Атырау-Мақат" магистральдық құбыры бағытында, оның ішінде "Береке" ықшамауданында (тоғыз қабатты үйлер), Көктем, Жұлдыз-3, Теңдік, Ақсай-1, Ақсай-2 ықшамаудандарына техникалық себептерге байланысты су жіберілмеді.

"Атырау облысы су арнасы" мекемесіне қарасты су тазарту қондырғысының сорғы стансаларында мұз кептелісін жою және құбырларды тазалау мақсатында облыстық төтенше жағдайлар қызметінің күштері жұмылдырылды. Алайда, төтенше жағдай ережесіне сәйкес, түнгі уақытта тазалау және басқа да жұмыстар жүргізілмейді. Осыған байланысты төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері таңғы сағат 8:00-де тазалау жұмыстарын бастады.

Су құбырындағы ақауларды жою жұмысы жалғасып жатыр. 

Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаевтың төрағалығымен осы деректің мән-жайын анықтайтын арнайы комиссия құрылды.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Тоқаев мәдениет саласында стипендиялар тағайындады

Qazaqstan Barysy-2026 супертурнирінің ширек финалына шыққан балуандар анықталды

Жексенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Ұлытау облысында "Заң мен тәртіп" қағидатын нығайтуға бағытталған алты кездесу өтті